​ТҮРКІСТАН: 175 мың адам «Pfizer» вакцинасын қабылдады

0
618

Бүгінгі таңда эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр.


​ТҮРКІСТАН: 175 мың адам «Pfizer» вакцинасын қабылдады

Мұнда соңғы тәулікте КВИ-дің 2 жағдайы анықталды. Коронавирустың тәуліктік өсімі 0,01%-ды құрайды. Облыстағы инфекциялық стационарларда 809 төсек-орын жасақталып тұр. Қазіргі таңда 694 төсек-орын бос, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Пандемия басталғалы індеттің 18432 жағдайы тіркелді. Оның 9562-де симптом байқалмаған. Облыс аумағында 150 екпе қабылдау бекеті жұмыс істейді. Бірінші компонентпен 1 047 025 адам вакцина салдырды. Ал екінші құрамды 1 045 348 адам қабылдады. Ревакцинацияны 291 110 адам алды.

Жалпы Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасының І компонентін – 175 174 адам, II компонентін –110 075 адам қабылдаған.