ТҮРКІСТАН: 19 елдімекенге табиғи газ тартылды

0
653

20 мыңнан астам тұрғын енді отын жақпайды.


ТҮРКІСТАН: 19 елдімекенге табиғи газ тартылды

Түркістан облысындағы 19 ауылға көгілдір отын тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша "ҚазТрансГаз" АҚ Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп Қазығұрт, Сарыағаш және Келес аудандарының 19 елді мекеніне газ жеткізу жұмыстарын аяқтады.


Газ жеткізілген Қызылсеңгір, Тұғыр, Заңғар, Қақпақ, Сырлысай, Бағыс, Шымырбай, Дарбаза, Жаңаталап, Тегісшіл, Таскескен, Мәдениет, Мәдениет-2, Жылысу, Ақүй, Дастан, Алғабас, Құркелес және Таскескен-2 елдімекендеріне көгілдір отын "Қақпақ" және "Таскескен" автоматты газ тарату станцияларынан берілетін болады. Бұл ауылдарда 22 мыңнан астам адам тұрады.


Жалпы, 300 шақырымнан астам газ құбыры салынған. Бұл 5000-нан астам отбасына табиғи газға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Таратып айтсақ, 22 000-нан астам тұрғын және 250-ге жуық әлеуметтік сала мен кәсіпкерлік нысандары көгілдір отынның қызығын көреді.