ТҮРКІСТАН: 2020 жылы 300-ден астам отбасы Солтүстікке қоныс аударған

0
1 724

Жалпы 1 494 отбасы қоныс аударды.


ТҮРКІСТАН: 2020 жылы 300-ден астам отбасы Солтүстікке қоныс аударған

Түркістан облысынан мыңнан астам азамат солтүстік өңірлеріне қоныс аударды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысынан биыл «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1 050 мүшесі бар 335 отбасы солтүстік өңірлеріне қоныс аударды. Түркістандықтар Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Павлодар облысына қоныстанды. Бүгінгі таңға дейін Түркістан облысына жалпы 5 364 мүшесі бар 1 494 отбасы қоныс аударды. Бұл жұмыстар өңірдегі үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асқан. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен осы бағдарламаны насихаттау бойынша өңірдің БАҚ өкілдері СҚО, Қостанай және Ақмола облыстарында болып қайтты. Сонымен бірге «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы аудан, қалаларда тұрғындармен кездесіп, теріскейге қоныс аударудың шарттары мен тиімді тұстарын насихаттаған болатын.

Осы және өзге де маңызды көрсеткіштер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың Түркістан облысына сапары барысында айтылды. Министр Түркістан облысына жасаған іссапарында облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен БАҚ өкілдерімен бірге бірқатар маңызды әлеуметтік нысандардың тынысымен танысты. Облыстағы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатының жүзеге асыру барысындағы 2020 жылы атқарған жұмыстарға оң бағасын берді.

Биыл Түркістан облысына жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға 770 бірлік квота бөлініп, 16 кәсіпорындардағы 71 шетел азаматтарына рұқсат берілді.