Жоспарға сәйкес, 2020 жылы қала ішіне 250 мың түп түрлі көшеттер егіледі.
Түркістан қаласының экологиялық ахуалын тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен апта сайын сенбілік өтетіні белгілі. Осы орайда облыс орталығы 32 секторға бөлініп, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кезекті сенбілік өткізуге облыстық Қоғамдық даму басқармасы, "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы мен үкіметтік емес ұйымдар және ерікті жастар бастама көтерген болатын. Шараны қолдап, көне шаһарды жасыл желекке орауды мақсат тұтқан облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев, облыстық қоғамдық даму басқармасы,
16 аудан, қаладан 22 үкіметтік емес ұйым, ерікті жастар, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы мен "Жас Отан" жастар қанаты, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыстық этномәдени бірлестіктер өз үлестерін қосты. Сенбілікке қатысушылар
Қарашық өзені аумағында арнайы көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан 5 учаскеде тал егіп, суару жұмыстарына атсалысты.
Көгалдандыру жобасына сәйкес, биыл 180 мың түп көшет егу жоспарланып, бүгінгі күнге 130 мың данасы егілді. Облыс орталығын көркейту жұмыстары ары қарай да жалғасын таппақ.
Жоспарға сәйкес, 2020 жылы қала ішіне 250 мың түп түрлі көшеттер егіледі.
Қала сыртынан құрылатын Жасыл белдеуге 2019 - 2022 жылдары 7700 га аумаққа 3,5 млн түп, оның ішінде 2019 жылы 2300 гектарға 628 мың дана, 2020 жылы 2400 гектарға 1 млн дана, 2021-2022 жылдары 3000 гектарға 1,9 млн дана түп әртүрлі көшет егу жоспарланып, бұл игі іс облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жүктелген.
Жасыл белдеу құрылатын аумақтың 572 гектарына көктемде 160 мың көшет егілді. Қалған 1428 га аумаққа қазіргі күнде 468 мың түп әртүрлі көшет (қарағай, қарағаш, айлант, калифорния терегі, жиде, өрік, алма, алша, клен, т.б ) егу жұмыстары басталды