ТҮРКІСТАН: 2500-ден астам абонент сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі

0
567

Жарықты орташа тұтыну көрсеткіші сағатына - 36 МВТ.


ТҮРКІСТАН: 2500-ден астам абонент сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі

Түркістан қаласында әуе электр желілерін кабельді желіге ауыстырудың 3 жобасы жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Түркістан қаласы бойынша 34 937 абонент сапалы электрмен қамтылған. Жарықты орташа тұтыну көрсеткіші сағатына - 36 МВТ, яғни пайыздық көрсеткіші - 94,7%.


Биыл шаһардағы 3 нысанда әуе электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру құрылыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда, «Тәуке хан даңғылы, Қазыбек би, М.Абенова, Төле би, Н.Төреқұлов, Н.Тынышқұлов көшелері бойында 10-0,4 кВ кабель желілерін салу құрылысы» жобасының Н. Тынышқұлов, Қазыбек би көшелеріндегі жұмыстары аяқталды.


Сондай-ақ, «1-2 мөлтек аудандары, Б.Саттарханов, Кенесары көшелері бойында 10-0,4 кВ кабель желілерін салу құрылысы» жобасы аясында Кенесары көшесіндегі абоненттер жаңа электр желісіне қосылып жатыр.


Үшінші жоба бойынша «Әл-Фараби, Ататүрік, С.Ерубаев көшелері бойындағы 10-0,4 кВ кабель желілерін салу құрылысы» нысанында С. Ерубаев, Ата Түрік көшелеріндегі абоненттерді жаңа электр желісіне қосу жалғасып жатыр.


Одан бөлек, қала аумағындағы жаңадан қоныстанған тұрғын үйлер мен жобадан тыс қалған жеті нысанды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету құрылысының жұмыс жобасы дайындалып жатыр. Аталған жоба аясында 2500-ден астам абонент сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.