ТҮРКІСТАН: «30 игі іс» қайырымдылық марафоны өтіп жатыр

0
912

100 отбасына азық-түлік себеттері табысталды.


ТҮРКІСТАН: «30 игі іс» қайырымдылық марафоны өтіп жатыр

Сарыағашта «30 игі іс» қайырымдылық марафоны жоғары деңгейде өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жуырда «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «30 игі іс» атты қайырымдылық марафонына үлес қосуды бастаған болатын. Осы акция аясында Сарыағаш ауданы мәслихатының депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі Рысбек Дүйсеновтың демеушілігімен Қабланбек ауылдық округі аумағындағы мүгедек жандар бар және тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған 100 отбасына азық-түлік себеттері табысталды. Ауыл тұрғындары өздеріне осындай көмек көрсеткен демеушіге ризашылықтарын білдірді.

Сонымен бірге сарыағаштық тағы бір депутат Мұхит Асилов та қасиетті Рамазан айында игі іс атқарды. Ол «30 игі іс» акциясы шеңберінде 30 отбасына азық-түлік себеттерін тапсырды. Сарыағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ерікті жастары да атсалысты.

Жалпы «30 игі іс» атты қайырымдылық марафоны Сарыағашта өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. «Сарыағаш» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен, демеушілер есебінен Сарыағаш қаласы аумағында тұратын тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған 25 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды. «Құркелес» бастауыш партия ұйымы да 25 отбасына азық-түлік себеттерін үлестірсе, «Дарбаза» БПҰ төрағасының бастамасымен демеуші "Ауес" ӨК ұжымы аз қамтылған 67 отбасына ұн таратты.

Жалпы бұл көмектердің бәрі «Nur Otan» партиясы атынан сайланған депутаттар мен жергілікті кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен берілген. Мақсат – ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын игі іспен өрнектеу арқылы мұқтаж жандарға көмек беру.