«Қамқорлық» аймақтық бағдарламасы аясында 122 отбасыға тұрақты қолдау көрсетілуде.
«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы төрағалық еткен конференцияға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Динара Асылқызы, аудандық филиал төрағасының орынбасары Алмас Әбдрахманұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы Шамхат Розақұлұлы және бастауыш партия ұйымдарынан сайланған конференция делегаттары қатысты.
"Әлемді жайлаған пандемия кезеңінде нұротандықтар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясы аясында ауданымыздағы 2000 отбасыға 50 мың теңгеден жалпы соммасы 100 000 000 теңге беруге ықпал етті. 4800-ден астам отбасыға азық-түлік түрінде көмектер көрсетілді. «Қамқорлық» аймақтық бағдарламасы аясында 122 отбасыға тұрақты қолдау көрсетілуде", – деді өз баяндамасында Алмас Әбдрахманұлы
Сондай-ақ аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева баяндамасында, ағымдағы жылдың 1 тоқсанына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты болып қалыптасқанын мәлімдеді. Экономика саласында өсім бар, оның ішінде аудан экономикасының маңызды саласы ауыл шаруашылығында 3 айда 13,7 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өсім 8,2%-ды құрағандығын, жыл басынан жаңадан 36,2 гектарға тамшылатып суғару жүйесі ендіріліп, жалпы көлемі 528 гектарға жетіп, жылыжайлар 6 га жерге салынғанын айтты. Жалпы көлемі 51,4 га құрап, қарқынды бау көлемі- 499 га жеткендігін хабарлады.
«Сайрам ауданының халқы еліміздегі ең басты саяси күш ретінде «Nur Otan»-нан аудан экономикасын көтеру мен тұрғындарымыз әл-аухатын көтеру бойынша нақты істерді күтеді. Бұл үдеден шығуға партиямыздың әлеуеті де, ресурсы да, мүмкіндігі де толық жетеді. Партияның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді өздеріңізбен бірге атқаратын боламыз» – деп аудан басшысы Ұласбек Сәдібекұлы мәжілісті қорытындылдады.
Конференция соңында делегаттар партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамын және облыстық конференцияға делегаттар сайлап, конференция қаулысын қабылдады.