ТҮРКІСТАН: 360 мыңнан астам адам ревакцинация алды

0
740

Соңғы тәулікте КВИ-дің 3 жағдайы анықталды.


ТҮРКІСТАН: 360 мыңнан астам адам ревакцинация алды

Түркістан облысында коронавирустың тәуліктік өсімі 0,01%-ды құрайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында соңғы тәулікте КВИ-дің 3 жағдайы анықталды. Бүгінде коронавирустың тәуліктік өсімі 0,01%-ды құрайды. Облыстағы инфекциялық стационарларда 809 төсек-орын жасақталып тұр. Қазіргі таңда 756 төсек-орын бос тұр.


Жалпы, пандемия басталғалы індеттің 18 450 жағдайы тіркелді. Оның 9571-де симптом байқалмаған. Облыс аумағында 150 екпе қабылдау бекеті жұмыс істеп тұр.


Бірінші компонентпен 1 046 218 адам вакцина салдырса, екінші құрамды 1 046 006 адам қабылдаған. Ал, ревакцинацияны 360 463 адам алған.


Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасының І компонентін – 186364 адам, II компонентін – 133117 адам қабылдаған.