6,2 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.
Түркістан облысында коронавирустық инфекция жұқтыру азайған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында коронавирустық инфекциямен аурушаңдық соңғы екі аптада 1,5 есе, пневмония 2 есеге дейін төмендеген. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бұл жағдай өңірдің барлық аудандарында байқалады. Дегенмен, елімізде Ashyq мобильді қосымшасы арқылы үй карантиндік режимін бұзушыларды анықтау фактілері өсу үстінде.
Облыста аталған жүйе арқылы «қызыл» және «сары» статуспен 800-ге жуық жағдай тіркелді. Оның тең жартысы «қызыл» статустағылар, яғни вирус жұқтырғандар. Оларға әкімшілік шаралар көріліп, 6,2 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. «Сары» статуспен анықталған адамдарға ескерту қаулылары шығарылған.
Атап өтсек, Ashyq арқылы қоғамдық орындарға келген азаматтарды тіркеп, кәсіп иесіне коронавируспен ауырған адамдар туралы ақпарат береді. Мекеменің QR-кодын сканерлегеннен кейін келген адамның статусы түрлі-түсті форматта көрсетіледі. «Қызыл» статус – «қызыл»адам вирус жұқтырды деген сөз. «Сары» статус – келушінің ауру жұқтырғандармен байланыста болғанын білдіреді. Олар мекемеге кіргізілмейді.