ТҮРКІСТАН: 400-ден астам келестік жұмыспен қамтылды

0
635

347 азамат ауылшаруашылық , 75 азамат Қызмет көрсету саласында жұмыс жасауда.


ТҮРКІСТАН: 400-ден астам келестік жұмыспен қамтылды

Келес ауданында экономикалық белсенді халық саны - 62,6 мың адамды құрайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданы халқының саны - 133 753 адамды құраса, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны - 62,6 мың адамды құрайды. Жалпы аудан аумағында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба негізінде жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Олар, кәсіпкерлердің қажеттілігіне қарай дағдыларды дамыту, кәсіпкерлерді субсидиялық жұмыс орындарын құру арқылы қолдау, бұл жоба 5 бағытта жүзеге асуда. Сонымен қатар, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру жобалары аясында нақты шаралар атқарылуда. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрипа Темірбаева Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің маусым айына жоспарланған кезекті отырысында мәлімдеді.


«Биыл 420 азаматты әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бүгінге дейін олар 37 жұмыс берушіге 420 адам жолданды. Өтінім берген мекемелердің экономикалық бөлінісі бойынша 347 азамат ауылшаруашылық саласында, 75 азамат Қызмет көрсету саласында жұмыс жасауда. 2 азамат жұмысты аяқтаған. Жұмыс беруші мекемелермен түзілген келісім шарттарға сәйкес, әр бір жұмысшының айлық жалақысының 35 пайызын Келес ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы субсидиялайды, ал қалған 65 пайызын жұмыс беруші мекеме төлейді. 2023 жылға бір жұмысшыға субсидия көлемі 34 650 теңгені құраса, жұмыс берушінің төлейтін суммасы 64 350 теңгеге тең болды. Жалпы жалақы 99 000 теңгені құрайды», - деді Н.Темірбаева.


Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің маусым айына жоспарланған кезекті отырысы аудан әкімі аппаратында өтіп, үш мәселе қаралды. Олар, аудандық аурухана бас дәрігерінің атқарған жұмыстары, Бозай ауылы әкімінің және аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директорының биылғы жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары тыңдалып, талқыланды. Жоспарлы отырысқа Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Мұхамеджанов және Кеңес мүшелері қатысты.