ТҮРКІСТАН: 400-ге жуық жанұя таза ауыз сумен қамтылды

0
187

Ендігі кезекте 2 500-ден аса тұрғын таза ауыз суды қолданбақ.


ТҮРКІСТАН: 400-ге жуық жанұя таза ауыз сумен қамтылды

Келес ауданында 400-ге тарта шаңыраққа таза ауыз су берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданының Ынтымақ ауылына таза ауыз су берілді. 40 жыл ауыз суды тасымалмен ішкен тұрғындар бұл күнді ұзақ күтіп, қуаныштары еселеніп отыр. Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге келген аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев ынтымақтықтарды құттықтап, ел игілігі жолында атқарылар шаралар әлі де жалғасатынын атап өтті.


«Ауданымызда тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытындағы шаралар атқарылуда. Сол қатарда Ынтымақ ауылының электр бағаналары мен жүйелері жаңартылды. Түнгі жарық шамдары орнатылып, ұялы байланыс интернетінің сапасы артты. Бүгін міне ауылдың 400 тарта шаңырағына таза ауыз су беріліп отыр. Қуаныштарыңыз құтты болсын», – деді аудан басшысы өз құттықтауында.


Ақтөбе ауылдық округінің Ынтымақ ауылын ауыз сумен қамту жұмыстары 2021 жылы «Жылуэнерго ремонт» ЖШС-і тарапынан басталып, бүгінгі таңда 400-ге жуық шаңырақты ауыз суға қосып отыр. Су құбыры желісінің ұзындығы 73,7 шақырымды құрады. Ендігі кезекте 2 500-ден аса тұрғын таза ауыз суды қолданбақ.


Келес ауданының Ынтымақ ауылы заман талабына сай дамып келеді. Аталған ауылға 2014-2015 жылдары аралығында табиғи газ құбырлары толығымен құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. Ал ауылға сапалы электр желісі мен трансформатордың орнату үшін бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар өткен жылы 300 орынға лайықталған замануи мектеп құрылыс аяқталып, қолданысқа берілді.