ТҮРКІСТАН: 460 мың адам екпе қабылдауға ниет білдірген

0
550

Вакцина бедеулікке әкелмейді.


ТҮРКІСТАН: 460 мың  адам екпе қабылдауға ниет білдірген

Түркістан облысында вакцинаның екінші компоненті 361 мыңнан астам азаматқа егілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Вакцина бедеулікке әкелмейді. Бүгінде елімізде COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Алайда қоғамда екпеге қатысты сан түрлі пікір бар. Олардың ішінде «вакцина бедеулікке әкеледі», – деген қауесет те бар. Осы ретте Түркістан қалалық емханасының акушер-гинекологы Динара Сұлтанова жауап берді. Оның айтуынша, жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер де, кемі 1 ай бұрын вакцина қабылдауына болады.


Жалпы қазір өңірде 460 мың адам екпе қабылдауға ниет білдірген. Екінші компонентпен 361 мыңнан астам азамат егілген. Облыс көлемінде 128 екпе салдыру пункттері жұмыс істейді. Сондай-ақ, көшпелі егу бригадалардың саны – 80-ге жетті.