ТҮРКІСТАН: 50-ге жуық медицина қызметкері ревакцинация алды

0
888

Науқан 22 қарашадан басталды.


ТҮРКІСТАН: 50-ге жуық медицина қызметкері ревакцинация алды

Түркістан облысында ревакцинация жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 15 қарашадағы №49 «Қазақстан Республикасында халыққа COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы ревакцинациялау жүргізу туралы» қаулысына сәйкес елімізде 22 қарашадан бастап халықты коронавирустық инфекциясына қарсы ревакцинациялау жүріп жатыр. Қаулыға сәйкес екпені қайта егуге ең алдымен медицина, полиция қызметкерлері мен мұғалімдер және жастары 60-тан асқан азаматтарға салынады. Түркістан облысында қазіргі таңда 47 дәрігер отандық «QazVac» екпесін салдырған.


Коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы шепте жүрген ақ желеңділер үшін COVID-19 инфекциясынан қорғану маңызды болып саналды.


Айтып өтейік, ревакцинация 1 ғана дозамен жүргізіледі. Сонымен қатар алдында «HayatVax», «QazVac», «CoronaVac», «Синофарм» вакциналарын салдырғандар араға 6 ай уақыт өткенде және «Спутник V» вакцинасын салдырғандар арада 9 ай уақыт өткен соң вакцинаның кез-келген басқа түрін қабылдауларына болады.