ТҮРКІСТАН: 766 гектар жер мемлекет қорына қайтарылды

0
451

Игерілмей жатқан жерлерді анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: 766 гектар жер мемлекет қорына қайтарылды

Сарыағаш ауданында 766 гектар жер мемлекет қорына қайтарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбай жатқан тұлғаларды анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 765,98 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланбай жатқандығы белгілі болып, мемлекетке қайтарылды. Алдағы уақытта басқа да игерілмей жатқан жерлерді анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Жалпы, ауданда ағымдағы жылы I-тоқсанда жергілікті бюджетке жер учаскелерін кәсіпкерлік мақсатта жеке меншікке сатудан 42 146,5 мың теңге және жер телімдерін уақытша жалға беруден түсетін түсімдер бойынша 3674,6 мың теңге түсіп, меже артығымен орындалды.