ТҮРКІСТАН: 800 гектар алқаптағы астықты ору басталды

0
1 162

Астық көлемі өткен жылдан артық болғалы тұр.


ТҮРКІСТАН: 800 гектар алқаптағы астықты ору басталды

Сарығашта егін ору науқаны басталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы дихандарының астық ору науқаны қарқын алды. Биылғы жыл шаруалар үшін ырысты болғалы тұр. Орақ науқанына алғашқылардың бірі болып кіріскен - Дарбаза ауылдық округіндегі «Жабай-ата» өндірістік кооперативі. Өндірістік кооперативпен жер жырту, тұқым себу және жерді өңдеу секілді жұмыстар дер кезінде атқарылған. Мемлекет тарапынан берілетін арзан бағадағы жанар жағар май мен минералды тыңайтқыш та шаруалардың қолына уақытылы тиген. Соның арқасында биыл астық көлемі жылдағы жиналғаннан арттық болмақ. Қазір егіс алқабында өндірістік кооператив меншігінде 4 комбайн мен басқа агро-техника тартылып, 25-ке жуық жұмысшылар еңбек етіп жатыр. Атап өтсек, өндірістік кооператив 800 гектар егінді алқапқа бидай еккен. Қазіргі таңда астық ору жұмыстары аяқталуға жақын.

Сарыағаш ауданында 2020 жылдың өніміне егілген егіс көлемі 69807 гектарды (үй іргелік жерді қоса есептегенде) құрайды. Атап айтқанда, бидай – 30430 га, арпа – 5500 га, мақсары – 1500 га, күнбағыс – 500 га, ескі жоңышқа – 7900 га, жаңа жоңышқа – 1000 га, сүрлем жүгері – 92га, картоп – 4000 га және көкөніс- 10530 га.

Сондай-ақ, 2020 жылы бидайдың әр гектарынан 17 центнерден 51731 тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Биылға астық жинау науқанына 59 комбайн және 402 доңғалықты техника қатысатын болды.