ТҮРКІСТАН: 816 елді мекенде жарық мәселесі жоқ

0
669

Елді мекендердің 98 пайызы электр желісімен қамтылған


ТҮРКІСТАН: 816 елді мекенде жарық мәселесі жоқ

Түркістан облысындағы елді мекендердің 98 пайызы орталықтандырылған электр желісімен қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның ішінде электрмен қамтамасыз ету бағытында біршама жобалар қолға алынған. Нәтижесінде, Түркістан облысының елді мекендердің 98 пайызы орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Яғни 816 елді мекенде жарық мәселесі жоқ. Қалған 16 ауыл шалғайда орналасуына байланысты өзге де қуат көздерімен қамтылып отыр. Атап айтқанда, күн сәулесі панелі және дизелдьді генератор қолданылуда.


5 жылда облыстың 214 елді мекені сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген. Ал биыл қосымша 47 елді мекен қосылады деп жоспарланып отыр. Облыста электр қуатының тапшылығы, жалпы қажеттілік 320 МВт-ты құраса, оның 80 пайызы сыртқы көздерден тасымалданады. Осы мәселені шешу үшін, «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, қуаттылығы 1 мың МВт болатын бу-газ қондырғы станциясын (ПГУ) салу жоспарланған. Қазіргі таңда аталған нысан үшін жер учаскесі белгіленіп, құрылыс жұмыстары басталды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта та жалғасын табады.