ТҮРКІСТАН: 9 азамат коронавирустан жазылып отбасына оралды

0
1 079

Облыста бүгінге дейін инфекциядан жазылғандар саны - 38.


ТҮРКІСТАН: 9 азамат коронавирустан жазылып отбасына оралды

30 сәуірдегі ақпарат бойынша Түркістан облысында 9 азамат коронавирус инфекциясынан емделіп жазылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Арыс қаласының 1995 жылы дүниеге келген тұрғыны 12 сәуір күні КВИ, расталған жағдай, жедел бронхит диагнозымен ауруханаға түскен. 31 наурыз күні Актаудан келген азаматтың жалпы жағдайы орташа ауырлықта болған. 28 сәуір күнгі соңғы талдама қорытындысы теріс нәтиже көрсетіп, ол үйіне оралды.

Сондай-ақ, Арыс қаласының 1965 ж., 1987 ж., 1989 ж., 1998 ж., 2004 ж., 2010 ж. тұрғындары және Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылының 1987 ж. тұрғыны да бүгін ауруханадан шығарылды.
9-шы науқас - Сайрам ауданы, Қосбұлақ ауылының 1992 ж. азаматы дертінен айығып, отбасына оралды.
Олардың барлығы инфекция жұқтырған азаматпен жақын байланыста болған. Мәліметке сәйкес, науқастар КВИ расталған жағдай, жедел бронхит диазнозымен ауруханада ем алған.