ТҮРКІСТАН: 900 мыңнан астам тұрғын халық санағынан онлайн режимде өткен

0
543

Санаққа қатысқан халық үлесі 44,2%-ды құрады.


ТҮРКІСТАН: 900 мыңнан астам тұрғын халық санағынан онлайн режимде өткен

Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алға шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының 912 087 тұрғыны жалпыұлттық халық санағынан онлайн режимде өтті. Осылайша бүгінде санаққа қатысқан халық үлесі 44,2%-ды құрады.


Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алда. Түркістан облысы республиканың өңірлері арасында онлайнан өткен адамдар саны бойынша бірінші орынға жылжыды. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте мәлім болды.


Облыс басшысы Ұлттық халық санақтың аса маңызды саяси науқан екенін айтып, жауапты тұлғаларға бұл бағыттағы жұмыстарды ширатуды тапсырды. 1 қазаннан бастап санақтың дәстүрлі жаппай аралау әдісімен жүргізілетін кезеңі басталды. Онлайн санақтан өту уақыты 15 қазанға дейін болады. Бұл іске 2384 адам тартылды. Олар екпе қабылдаған. Аудандарда қажетті жабдықтармен және тиісті жабық байланыс арналарымен қамтамасыз етілген 341 нұсқаушылық учаскілері ұйымдастырылды.