ТҮРКІСТАН: «Адал жолды таңдаймыз» эстафетасы жетісайлықтарға табысталды

0
1 410

Марафон аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар барлық аудан, қала жастарының белсенді қатысуымен өтіп жатыр.


ТҮРКІСТАН: «Адал жолды таңдаймыз» эстафетасы жетісайлықтарға табысталды

«Түркістан – Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен бастау алған жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жолды таңдаймыз» облыстық марафон-эстафетасы салтанатты жиын барысында Мақтарал ауданынан Жетісай ауданына табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шара Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Мырзакент саябағында 300-ге жуық жастардың қатысуымен өтті. Ал, эстафетаны табыстау рәсіміне келген қонақтар аудандағы кенттер мен ауылдық округтермен ұйымдастырылған көкөніс, ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының көрмесі және жас спортшылардың шеруін тамашалады.

Сондай-ақ, эстафетаны қабылдап алушы аудан Жетісай ауданы әкімінің орынбасары А.Маханбетов сеніп тапсырылған шараны өз аудандарында жоғары дәрежеде өткізетінін айтты.

Айта кетейік, марафон аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар барлық аудан, қала жастарының белсенді қатысуымен өтуде. Ал, марафонның соңғы Форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 9 желтоқсан Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтетін болады.