ТҮРКІСТАН: Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды

0
2 560

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша Департаментіне жаңа басшы келді.


ТҮРКІСТАН: Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев облыс активі мен департамент қызметкерлеріне Түркістан облысы бойынша Департаментінің жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Агенттік Төрағасының бұйрығымен аталған лауазымға Исақов Болат Әлмұханұлы тағайындалды.

Таныстыру барысында Дархан Медеғалиұлы Б.Исақовтың жаңа қызметіне табыс тілеп, Мемлекет басшысының халыққа сапалы қызмет көрсетуге бағытталған тапсырмасын нәтижелі орындауды тапсырды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер халыққа жақын болуы қажет екендігін тілге тиек етіп, киелі өңір жұмысының ілгерілеуіне үлес қосып жатқан Департамент қызметкерлеріне сенім білдірді.

Айта кетсек, Исақов Болат Әлмұханұлы 1968 жылы Жамбыл облысының Меркі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін математик, 1999 жылы "Әділет" жоғары құқық мектебін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы «Тараз» өңірлік ішкі экономикалық тауар өндірушілер ассоцияциясының инженері болып бастаған.1993-1994 жылдары «Кай» жеке фирмасының маркетинг жөніндегі маманы,1994-1995 жылдары «Жамбыл-Интер» ассоцияциясының ақпараттық бөлімінің маманы, 1995-2000 жылдары Жамбыл облыстық құқықтық ақпарат орталығының бас маманы болып істеген.

2000-2010 жылдары аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, 2010- 2013 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет еткен.

2013-2014 жылдары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Тәртіптік кеңестің төрағасы, 2014 - 2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары,Тәртіптік кеңестің төрағасы қызметін атқарған.

2016 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметінде болған.

2016 жылдың 21 қазанынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымында қызмет етіп келген.