ТҮРКІСТАН: Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытында маңызды жиындар өтті

0
683

Мәселелер көтеріліп, тиісті жауаптар берілді.


ТҮРКІСТАН: Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытында маңызды жиындар өтті

Шардарада агроөнеркәсіптік кешен саласын қолдау мақсатында маңызды жиындар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардара ауданында ауыл округтерінде ауданда агроөнеркәсіптік кешен саласын қолдау мақсатында маңызды жиындар өтті.


Аудан әкімімен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, тиісті сала мамандарынан құрылған жұмысшы топпен барлық ауылдық округтерді қамти отырып көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты, атқарылатын жұмыстар мен мемлекет тарапынан бөлінетін қолдаулар және несиелік жеңілдіктерді түсіндіру, сонымен қатар 2023 жылға мал шаруашылығына қарастырылған субсидиялар мен ветеринария саласындағы шаралар (ИСЖ базасымен жұмыс жасау, ваннаға малды тоғыту және т.б.) жайлы ауыл тұрғындары мен шаруалар және АӨК төрағаларымен жиындар өткізілді.


Жиындарға жұмысшы топ құрамына енгізілген аудан әкімінің орынбасары А.Таженов, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, кәсіпкерлік бөлімдері, ветеринария саласының мамандары, ауыл округінің әкімдері мен салаға жауапты мамандары, «Казсушар» РМК ТФ Шардара өндірістік бөлімшесінің өкілдері, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Н.Майханов, «Ырыс» МҚҰ аудандағы өкілі әрі үйлестірушісі А.Тлеубаев қатысып отырды. Жиындарды аудан әкімінің орынбасары А.Таженов жүргізе отырып, жалпылама әр салаға қысқаша тоқталып өтті.


Одан соң сала мамандары өз салалары бойынша түсіндіріп қойылған сұрақтарға жауап берді. Жиында ауыл шаруашылығы мәселелері: минералды тыңайтқыштарды субсидиялау мәселесі мен жеңілдетілген жанар-жағармай жөнінде, көктемгі дала жұмыстарын атқаруға бөлінген несиелік қаржылар, 35 жасқа дейінгі жастарды 2,5 пайыздық жұмыспен қамту кәсіпкерлік бағдарламасы, «Ауыл ел аманаты» пилоттық жобасының ауданда іске асырылуы барысы, ауданда жаңадан ашылатын крахмал-сірне (жүгеріні терең өңдеу) зауытын қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында жүгері егу мәселесі, ағынсу, ортақ жайылым, ветеринариялық шаралар және т.б. мәселелер көтеріліп, тиісті жауаптар берілді.