ТҮРКІСТАН: Әкім орынбасары тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

0
692

Тиісті сала мамандарына кейбір мәселелердің заңдылығын қарап, барынша оңтайлы әрі жылдам шешуді тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Әкім орынбасары тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары азаматтардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы бекітілген кестеге сәйкес азаматтардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.


Кездесуге алдын ала жазылған облыс тұрғындары жұмысқа орналасу, несие, жер телімін тіркеу, мүгедектікке шығару, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселесі бойынша көмек қолын созуды сұрады. Сонымен қатар көршілес Өзбекстаннан көшіп келген жалғызбасты ана бүгінге дейін ұлының ұлтына байланысты оралман мәртебесін ала алмай жатқанын, ал Ұлытаудан көшіп келген азаматша денсаулығына байланысты бизнесі тоқтап тұрғанын, қазіргі таңда жұмыссыз екенін жеткізді.


Ермек Кенжеханұлы қабылдауға жазылған облыс тұрғындарының өтініштерін мұқият тыңдап, шешімінің заңды жолдарын түсіндірді. Жеке қабылдауға жауапты аудан-қала әкімдігінің орынбасарлары мен басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары тиісті сала мамандарына кейбір мәселелердің заңдылығын қарап, барынша оңтайлы әрі жылдам шешуді тапсырды.