ТҮРКІСТАН: Әкімдер «тікелей эфир» арқылы халыққа жауап береді

0
1 184

"Адал көмек" жобасы аясында қала/аудан әкімдері, мен ауылдық округ әкімдері тікелей эфирде тұрғындардың сұрағына жауап беретін болады.


ТҮРКІСТАН: Әкімдер «тікелей эфир» арқылы халыққа жауап береді

Түркістан өңірінде аудан әкімдері "Адал көмек" жобасы аясында кеңес беруді бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялап, жалпы қоғам болып ел азаматтарына көмек қолдау көрсету - игі істердің бастауы екендігін тілге тиек еткен еді.
Осыған орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен ел аумағында халыққа құқықтық кеңес беру мақсатында «Адал көмек» жобасы іске қосылған болатын.
Бүгінде, аталмыш жобаның маңыздылығын аңғарған Түркістан облыстың қала/аудан әкімдері өңір тұрғындарын толғантқан мәселелерге құлақ түріп, сан-сауалдарды шешу жолында азаматтармен кері байланыс орнатуға белсенділік танытып, танымал әлеуметтік желілер (Facebook, Instagram) арқылы «тікелей эфирге» шығуда.
Мәселен, халық пен билік арасында ашық диалогтық алаң орнатуды мақсат еткен Түлкібас ауданының әкімі Байғұт Нұрлан "Аудан аумағында кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы" тақырыбы аясында тікелей эфирде маңызды ақпараттарымен бөлісіп, кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарды қолдайтындарын жеткізді.
Ал, Шардара қаласының әкімі Бекет Ережеп қаланың көше бойындағы жасыл желектерді күтіп ұстау және санитарлық тазалық бойынша тікелей эфирде қойылған қала тұрғындарының сауалдарына нақты жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Айта кетсек, алдағы уақытта "Адал көмек" жобасы аясында өңіріміздің 16 қала/аудан әкімдері мен 181 ауылдық округ әкімдері тікелей эфир тұрғындардың сұрағына жауап беретін болады.
Жобаның негізгі мақсаты - Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру үшін ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын қарастыру және заң аясында дұрыс бағыт-бағдар беру.