Аталмыш іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әзімхан Серікұлы және мәдениет қызметкерлері қатысты.
Түркістан облысына еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова келіп, мәдениет саласының мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аймақ бойынша мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген майталмандарға министрліктің марапатын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әзімхан Серікұлы және мәдениет қызметкерлері қатысты.
Жиында облыстық мәдениет басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің басшысы - Гүл Советханқызы және де Карима Оралова, Өмірбек Қонысбеков пен Алмагүл Індемесова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, Ақтоты Рахметоллақызы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің құрмет грамотасы мен алғыс хатын да өз қолымен табыстап, ізгі тілегін жеткізді.
Шара соңында айтыскер ақын, халықаралық, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы Карима Оралова министрге алғысын білдіріп, марапатталғандар естелік суретке түсті.