ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік ахуалды жақсарту басты тақырып

0
2 113

Кандидаттар ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға көңіл бөлінетінін жеткізді.


ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік ахуалды жақсарту басты тақырып

«Nur Otan» партиясы атынан Шардара аудандық мәслихатына үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау жұмысын жандандырып келеді. Осы мақсатта аудан тұрғындарымен түрлі форматта кездесулер өткізілуде. Бүгін сондай кездесулер барысында ауданымыздағы әлеуметтік-тұрмыстық деңгей кеңінен әңгіме болды.

Жиындар барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы кеңінен тарата айтты. Сонымен бірге оларды сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.


– Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған.

2025 жылға қарай көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың тұрмысы жақсарып, «Еңбек» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі 325 азамат жұмыспен қамтылады, балаларды инклюзивті біліммен қамту үлесі 100%-ға жетеді, - дейді «Nur Otan»-дықтар.


«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.