ТҮРКІСТАН: Аппарат басшысы жеке қабылдау өткізді

0
987

«Ашық әкімдікте» кестеге сәйкес жалпы 17 жеке қабылдау өткізіп, 127 азаматтың өтініштері тыңдалған.


ТҮРКІСТАН: Аппарат басшысы жеке қабылдау өткізді

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы тұрғындарды жеке өтініштері бойынша арнайы қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде тұрғындарды қабылдау тұрақты түрде жалғасып келеді. Бұл жолы Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке өтініштері бойынша арнайы қабылдады.


Тұрғындардың бірі спорт саласындағы тәжірибесін ескеріп, жұмысқа орналастыру мәселесін көтерді. Тұрғынның спортты дамыту жөніндегі ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Аппарат басшысы өңірде спорт саласын дамытуға көңіл бөлініп, заманауи нысандар салынғанына тоқталды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына білікті бапкердің өтінішін зерделеп, қолдау көрсетуді тапсырды.


Қабылдауға келген тағы бір тұрғын Ордабасы ауданындағы жер дауын қозғады. Сотқа дейін жолданып, сиырқұйымшақтанған бұл түйткілді тарқату бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, зерттелетін болды. Жұмыс тобына облыстық жер қатынастары басқармасы мен Ордабасы ауданы әкімдігінің өкілдері тартылып, тиісті шешім шығарылмақ.


2023 жылдың басынан бері облыс әкімінің орынбасарлары және облыс әкімі аппаратының басшысы «Ашық әкімдікте» кестеге сәйкес жалпы 17 жеке қабылдау өткізіп, 127 азаматтың өтініштері тыңдалған.