Бұл ұсынысты Түркиядан келіп Түркістанда қызмет етіп жатқан азамат айтты.
Түркістан облысында әрбір мектеп бітіруші түлек бір ағаштан егеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың есептік кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Жарыссөзге шыққан Түркиядан келіп Түркістанда қызмет етіп жатқан Асыл Шенгун есімді азамат мектеп түлектері бір түптен ағаш егу жөнінде ұсыныс айтты.
Ұсынысты Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы та қолдайтындығын білдірді.
Сондай-ақ, Асыл Шенгун Түркістанда күллі түркі жұртының ынтымағы мен бірлігін білдірер Астанадағы Бәйтерек сияқты бір биік символдық сәулет ескерткішін салу туралы ұсыныс айтты.