ТҮРКІСТАН: Ардагерлер дойбы мен шахматтан бақ сынасты

0
705

Ардагерлердің көпшілігі 63 пен 90 жас аралығында.


ТҮРКІСТАН: Ардагерлер дойбы мен шахматтан бақ сынасты

Отырар ауданында ардагерлер арасында сайыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында бірінші қазан «Халықаралық қарттар күніне» орай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Спорт денсаулық кепілі» атты аға буын өкілдері арасында шахмат және дойбыдан аудан біріншілігі өтті. Сайысқа 20-ға жуық ардагер қатысып өз бақтарын сынады.


Бұл сайысты өткізуге аудандық ардагерлер кеңесі мен спорт және дене шынықтыру бөлімі ұйытқы болды. Бабы келісіп, бағын сынауға келгендердің көпшілігі 63 пен 90 жас аралығында.


Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов сөз сойлеп, ардагерлерді осынау мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларына бақыт тіледі. Сайыс қорытындысына сәйкес, бірінші жүлделі орынды Шәуілдір ауылының ардагері Егізбаев Серік, екінші орынды Байкенже Қанат, үшінші орынды Райымхан Нарбек иеленіп, грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, сайыста жақсы ойын көрсеткені үшін бірнеше ардагерлерге номинациялар табысталды.