«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағында баға бақылануда

0
1 742

Онда картоп - 75 теңге, пияз - 53 теңге, сәбіз - 70 теңге, рожки - 145 теңге, күріш - 194 теңге, қарақұмық - 145 теңге, ұн 1 сұрып - 87 теңге, күнбағыс майы - 327 теңге, қант - 220 теңге, сиыр еті - 1250 теңге болып отыр.


«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағында баға бақылануда

Түркістан облысында бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін бірқатар шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда Түркістан облысында 52 –ден аса сауда үйі тіркелген, ал базарлардың саны -79. Ал, Түркістан қаласында 4 әлеуметтік павильон орнатылған және «Алтын Бұлақ», «Қуаныш» базарларында тұрақтандыру қорының әлеуметтік маңызы бар азық-түліктауарлары сатылуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әубәкіров айтып өтті.

Онда картоп - 75 теңге, пияз - 53 теңге, сәбіз - 70 теңге, рожки - 145 теңге, күріш - 194 теңге, қарақұмық - 145 теңге, ұн 1 сұрып - 87 теңге, күнбағыс майы - 327 теңге, қант - 220 теңге, сиыр еті - 1250 теңге.
Сонымен қатар, өңірде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
Осы мақсатта жеңілдетілген 6% 5 жыл мерзімге дейін микрокредит ұсыну көзделген. Ал, басқарма Түркістан және Кентау қалалары азаматтарына микрокредит беру тұрғысында оператор болып табылады. Бұл бағытқа 529 млн.теңге бөлініп бүгінгі таңда 219,5 млн.теңгеге 39 микрокредит ұсынылған. Қаржыландырылған жобалармен 78 жаңа жұмыс орындары құрылған.
Сонымен қатар өңірімізде «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және оның еншілес мекемесі «Ырыс» микроқаржы ұйымы тиімді жұмыс атқаруда.
"2018 жылдың 1 қазандағы инфляиця деңгейі 2017 жылдың желтоқсан айына 4,6% құрады. Түркістан облысындағы базарлардың жалпы саны - 79. Жобалық басқару шеңберінде Түркістан облысында 3 сауда орталығын іске қосу жоспарлануда, оның ішінде «Тұмар» СО, және «Отан» СҮ іске қосылған, «MegaCity» СО жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарлануда. Сонымен қатар 4 сауда базарын «Асық ата» Жетісай қаласы, «Сапар» Мақтарал ауданы, «Күлпаршын» Жетісай қаласы және «Барлық» Түркістан қаласы заманауи талаптарға сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда облысымызда 52 аса СҮ тіркелген" – деді Ғанибет Қанатұлы.

Сондай-ақ, брифингте Түркістан облысында инвестицияларды тарту бағытында қолайлы инвестициялық климат құру, сондай-ақ аймақтың инвестициялық әлеуетін арттыру мақсатында Елбасының 2018 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес көпсалалы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылғанын айтып өтті.