ТҮРКІСТАН: Арыс әкімі ауруханадағы балаларды мерекемен құттықтады

0
311

Олардың тезірек сауығып кетуін тілеп, бүлдіршіндерге ойыншықтар үлестіріп, сый-сияпат жасады.


ТҮРКІСТАН: Арыс әкімі ауруханадағы балаларды мерекемен құттықтады

Арыста ауруханадағы балаларды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Балаларды қорғау күні мерекесі мен «Бақытты балалық үшін» республикалық акциясына орай, қала әкімі Гүлжан Құрманбекова Арыс қалалық Орталық ауруханасына барды.


Қала басшысы балалар бөлімінде ем қабылдап жатқан бүлдіршіндердің хәл-жағдайын сұрап, мерекемен құттықтады. Олардың тезірек сауығып кетуін тілеп, бүлдіршіндерге ойыншықтар үлестіріп, сый-сияпат жасады.


Шаһар басшысы аурухана ұжымымен әңгімелесіп, денсаулық сақтау қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтіп, оларға еңбектері үшін алғыс білдірді.


Айта кетейік, қалалық Орталық аурухананың балалар бөлімі бүлдіршіндерге мамандандырылған көмектің барлық түрін көрсетеді. Материалдық-техникалық базамен қамтылған. Аурухана 31 төсек орынға лайықталған. Сондай-ақ, бұл жерде жылына 1500-1800 бала ем алып шығады.