ТҮРКІСТАН: ​Арыс тұрғындарының құжаттарын тегін рәсімдеуде

0
918

Арыс қалалық бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 17 мыңға жетті.


ТҮРКІСТАН: ​Арыс тұрғындарының құжаттарын тегін рәсімдеуде

«Азаматтарғаарналғанүкімет»мемлекеттік корпорациясы үй-жайлары төтенше жағдай кезінде жарылыстан зардап шеккен Арыс тұрғындарының құжаттарын тегін рәсімдеуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Маусым айының соңында орыналған жарылыс салдарынан бұзылған және зақым келген ғимараттарды жаппай қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Арыс қаласында жер кадастры және жылжымайтын мүлік саласы бойынша қызметтер көлемі күрт өскен. Қазіргі уақытта жоғары сұранысқа ие болып отырған осы қызметтер мемлекеттік корпорациямен тегін көрсетілуде.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызметтердің уақытылы көрсетілуін қамтамасызету мақсатында Арыс қалалық бөлімшесіне Шымкент қаласы, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан жәнеТүркістан облысының аудандық бөлімдерінен 25 қызметкерді көмекке жұмылдырды.

Шілде айының басынан корпорация өз есебінен ақысыз негізде 858 техникалық төлқұжат, 3328 меншік иесі туралы мәлімет, 476 жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжаттарын және құқық белгілейтін құжаттың мұрағаттық көшірмесін беріп, жылжымайтынмүлік дерекқорындағы қателерді түзету жұмысы бойынша 799 тұрғынға қызмет көрсетті. Ал жалпы есепті мерзімде (24 маусым – 12 тамыз) Арыс қалалық бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 17 мыңға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Азаматтарға арналған үкіметтің Арыс қаласы бойынша бөлімі орыналған төтенше жағдайдан кейін азаматтарға қызмет көрсетуін тоқтатпай, далалық жағдайда, арнайы құрылған штаб құрамында жұмыс істеді. Тұрғындарға мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беріліп, ақпараттық анықтамалар мен бастапқы құжаттар пакеті ұсынылды. Қажет болған жағдайда мамандар азаматтарды құжаттандыру үшін көші-қон қызметі басқармаларымен жедел өзара іс-қимыл жасап, тиісті жұмыстар атқарды.

Сондай-ақ, Арыс қалалық ХҚО қаланың әлеуметтік нысандарының арасында алғашқылардың бірі болып аз уақыт ішінде ғимаратын жөндеуден өткізіп, өз жұмысын қалыпты жағдайда қайта жүргізген болатын.