ТҮРКІСТАН: Арыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

0
1 152

Онда жергілікті 50 шақты тауар өндірушілер 200 тоннаға жуық өз өнімдерін ұсынды.


 ТҮРКІСТАН: Арыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен бүгін Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Онда жергілікті 50 шақты тауар өндірушілер 200 тоннаға жуық өз өнімдерін ұсынды. Тауарлар қала тұрғындарынабазар нарқынан 30%-ғатөмен бағада сатылымға түсті. Жиналған өнімдердің жалпы құны 67 млн. теңгеден асады.

Жәрмеңкеге жеткізілетін өнімдер барлықаудан, қалалардандаму басымдылықтарына сәйкесжинақталған.Ондағы ет және ет өнімдерінің жалпы көлемі – 37,5 тонна, көкөніс – 55 тонна, сүт өнімдері – 24,4 тонна, бақша өнімдері – 41 тонна, жеміс-жидектің жалпы көлемі – 16,7 тонна, 2 тонна әсел, 5 тонна балық, 14 тонна өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласының түрлі бағыттарында жұмыс істейтін өңірлік ірі кәсіпорындар өз өнімдерін жәрмеңкеге алып келді. Атап айтқанда,«Аманкелді» ЖШС (Қазығұрт ауданы), «Асыл тұқымды Ордабасы ешкі сүт өнімдері» ЖШС (Ордабасы ауданы), «Бөрте милка» ЖШС (Ордабасы ауданы), «Dala fruit.kz» ЖШС (Сайрам ауданы), «Қайып ата» ЖШС (Қазығұрт ауданы), «Ордабасы құс» (Ордабасы ауданы), «Хамит» СТК (Шардара ауданы) және тағы басқа 22 кәсіпорын өз өнімдерін ұсынды.

Арыстық тұрғындарға арналған жәрмеңкеге арнайы Төлеби ауданынан өнерпаздар қатысып, өз концерттік бағдарламаларын көрсетті.