ТҮРКІСТАН: Арыста қаланы қалпына келтіруге арналған аппараттық жиын өтті

0
929

Құрылыс-жөндеу жұмыстыраның талапқа сай жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Арыста қаланы қалпына келтіруге арналған аппараттық жиын өтті

Бүгін Арыс қалалық әкімдігінің мәжіліс залында Арыс қаласын қайта қалпына келтіруге арналған аппараттық жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төрағалық еткен жиында облыстық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ербол Ахметов әр сектордағы құрылыс жұмыстарына тоқталды.

«Арыс қаласында орналасқан 7, 8, 9, 10 және 11-ші секторларда жалпы зақымдалған 2971 үй бар. Оның ішінде, жөндеуді қажет ететін 2563 жеке және 73 көпқабатты тұрғын үйлер, сонымен қатар, жаңадан салынып жатқан 335 үй бар. Мәселен, Түркістан облысына тиесілі 7-секторда зақымдалған 478 үй тіркелген. Бүгінгі күнге жөндеуді қажет ететін жеке және көпқабатты тұрғын үйлерде жұмыстар толық аяқталды. Жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан 100 үйде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Шығыс Қазақстан облысы қарасты 8-секторда 537 үй бар. Жөндеуді қажет ететін 65 үйдің сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан 5 үйдің барлығында тиісті жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласына тиесілі 10-секторда – 636 үй бар. Бүгінгі күнге жөндеуді қажет ететін 8 жеке және 2 көпқабатты үйдің сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Батыс Қазақстан облысына қарасты 11-секторда 627 үй бар. Бүгінгі күнге жөндеуді қажет ететін 107 жеке және 2 көпқабатты үйдің сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 20-қыркүйегінде барлық үйлер пайдалануға тапсырылады», - деді Ербол Ахметов.

Сондай-ақ, жиында Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Мұхит Тұрысбеков құрылыс-жөндеу жұмыстыраның талапқа сай жүріп жатқандығын жеткізді.

Жиынды қорытқан облысы әкімі Өмірзақ Естайұлы жөндеу жұмыстарын жеделдетіп, құрылысы баяулап жатқан секторлар бойынша арнайы комиссия құрып, бақылауға алу қажеттігін тапсырды.