Заманауи үлгіде жабдықталған ардагерлер үйі арыстық қариялардың оңтайлы демалыс орнына айналары хақ.
Арыс қаласында БАҚ қызметкерлері күніне орай арнайы пресс тур ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған іссапар аясында журналистер жуырда ғана ашылған «Тең қоғам» орталығына барды. Ғимарат мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бір сәт көңіл сергітіп, демалуына арналған. Онда келгендерге ақысыз жаттығып, ойын ойнап, кітап оқуға барлық жағдай жасалған. Оңаша отырып, ой алмасатын демалыс бұрыштары да қарастырылған.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдері Арыс қаласындағы ардагерлерге арналған «Белсенді өмір сүру» орталығына да аялдап, жұмысымен танысты. Онда ардагерлер кеңесі мен спортпен шұғылдану аймағы орналасқан. Сонымен бірге, қажетті жиһаздармен жабдықталған тұз шахтасы, сенсорлық бөлме, интернет-кафе, йога, үстел теннисі, бильярд, шахмат, дойбы ойындары мен кітапхана қызметі бар. Заманауи үлгіде жабдықталған ардагерлер үйі арыстық қариялардың оңтайлы демалыс орнына айналары хақ. Пресс тур аясында қала әкімі Гүлжан Мамытқызы журналистер қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, сый-сыяпат жасады.