ТҮРКІСТАН: Арыста қарақшылық шабуыл жасағандар құрықталды

0
907

ҚР ҚК-нің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша тіркелген.


ТҮРКІСТАН: Арыста қарақшылық шабуыл жасағандар құрықталды

Түркістан облысы ПД-нің Криминалдық полиция қызметкерлері өткен жылдың басында Арыс ауданында фермердің үйіне жасалған қарақшылық қылмысын ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2018 жылы қаңтар айының басында Арыс аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Монтайтас ауылының тұрғынынан оның үйіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Оқиға орнына тез арада аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері жәбірленушілердің айтуынша мынаны анықтаған: олардың үйіне түн ортасында бетперде киген, қаруланған 4 белгісіз тұлғалар басып кіріп, үй ішіндегілердің барлығына күш қолданып, қолдарын және аяқтарын байлаған, оның ішінде қарт әже мен 4 кәмелет жасына толмаған балаларда болған. Үй иесі отбасының амандығын ойлап, қауіптен құтқармақ мақсатта ақша мен алтын бұйымдар берген. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 5 миллионнан астам теңгені құрады.

Аталған жайт Арыс АПБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша тіркелген. Сол күндері полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары оң нәтиже берген жоқ. Аталған ауыр қылмысты ашуға аудандық полицейлермен қатар, облыстық криминалдық полиция қызметкерлері де қатысты.

"Күдіктілердің ізіне түсу үшін бізге 1 жыл және 9 ай қажет болды. Жәбірленушілердің таныстарының шеңберін тексеріп, көршілерінен сұрастырдық. Бұл қылмысты ашудың басты қиындығы қарақшылық түн ортасында жасалғанында болды. Яғни, қандай да бір куәгерлер болған жоқ. Осы қарақшылық шабуылды мұқият талқылай келе, біз аталмыш қарақшылықты өзге жақтанкелушілер жасаған деген қорытындыға келдік. Бұл кейіннен расталды. Біз Шымкентте арнайы операция жүргізу барысында, көшеден күдіктілердің бірін ұстадық. Содан кейін екінші күдіктіні де ұстап, қамауға алдық. Олардың екеуі де мегаполис тұрғындары. Қазір біз фермердің үйіне қарақшылық жасауға қатысы бар қалған екі адамды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізудеміз"- деп, Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Құрманбек Сахов қорытындылады.