ТҮРКІСТАН: Арыста халықаралық зағиптар күні аталып өтті

0
865

Тиісті заңдылықтар аясында қолдау көрсету бағытында жұмыстар атқарылады.


ТҮРКІСТАН: Арыста халықаралық зағиптар күні аталып өтті

Арыс қаласында «13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне» орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның және қалалық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен «Тең қоғам» әлеуметтік орталығында музыкалық, мәдени іс-шара ұйымдастырылды.


Кездесуде сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев зағип және нашар көретін азаматтар қоғам назарынан ешқашан шет қалмайтыны жеткізіп, әрқашанда тиісті заңдылықтар аясында қолдау көрсету бағытында жұмыстар атқарылатынын атап өтті.


Сондай-ақ, Арыс қалалық зағиптар қоғамының төрағасы Серік Құдайқұлов сөз сөйлеп, осындай игі іс-шараға мұрындық болған қала әкімі Г.Құрманбековаға алғысын білдірді.


Қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасқан шара барысында қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген азаматтар қала әкімінің арнайы алғыс хаттармен марапатталды.