ТҮРКІСТАН: Арыста салық төлеушілерге семинар өткізілді

0
1 090

Семинар қатысушыларына салық заңдылықтары жан-жақты түсіндірлді.


ТҮРКІСТАН: Арыста салық төлеушілерге семинар өткізілді

Арыста Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен салық төлеушілерге семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Арыс қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Арыс қаласының ауыл әкімдіктерінде орналасқан салық төлеушілер арасында «Онлайн БКМ қолдануға кезең-кезеңмен көшу», «Біржолғы жиынтық төлем», «Электронды сауда» және «Салықтық рақымшылықтың жүргізу тәртібі» тақырыптарында семинар кеңес ұйымдастырлыды.

Кездесу барысында басқарма қызметкерлерімен бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібі туралы, деректерді беру функциясы бар БКМ қолдануға кезең-кезеңмен көшу, POS-терминалдарды қолдану және БКМ қолдану тәртібін бұзғаны үшін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 284 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қаралатыны, біржолғы жиынтық төлемнің тәртібі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің «Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 39 бұйрығы өсімпұл мен айыппұл сомасынан берешегі бар борышкерге заң аясында берілген жеңілдіктер сонымен қатар электронды сауда мен оның жеңілдіктері жөнінде түсіндірме берілді.

Семинар кеңес соңында қатысушылардың бірқатар сұрақтарына жауаптар мен түсініктемелер берілді. Басқарма басшысының орынбасары Е.Еділбеков жиналысқа қатысушыларға алғысын білдіріп, салық міндемесін мерзімінде орындауға және салықтық рақымшылық мүмкіншілігін пайдалануға шақырды.