Кездесу барысында әріптестік орнату, жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселесі қаралды.
Арыста маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвестормен келіссөз жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік «Longshuntai» компаниясының өкілімен кездесті. Кездесу барысында әріптестік орнату, жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселесі қаралды.
Инвестор Арыс қаласында тамшылатып суару әдісі арқылы жеміс пен көкөніс өнімдерін өндіруді көздеп отыр. Дәлірек айтсақ, қызанақ кластерін дамытуды қолға алмақ. Ол инфақұрлымы дайын, бірақ қазір жұмысы тоқтап тұрған шаруашылықтардың бірін қаржыландыруға дайын. Сонымен бірге жүгері өсіруге де ниетті.
Кездесуде Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова инвестордың әлеуеті мен жоспарына тоқталып, әріптестік оң нәтиже береріне сенім білдірді. Екі тарап жобалар бойынша терең талдау жасап, зерделеу нәтижесі дұрыс шықса, бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.