Соның аясында әр аптада бекітілген тақырыптар бойынша аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Арыс аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының басталғаны белгілі. Соның аясында әр аптада бекітілген тақырыптар бойынша аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Науқанның бірінші аптасы, 6-13 сәуір аралығында «Таза өлке» ұранымен Арыс қаласы мен ауылдарда тазалық акциясы өтуде. Оның аясында, қала ішіндегі аяқ су жүретін арық-атыз көздері аршылып тазалануда. Және орталық көшелер мен саябақтарда түнгі жарықшамдар ретке келтіріліп, шым төсемелер қырқылып ретке келтіріліп жатыр.
Бұдан бөлек, жолдағы қозғалыс пен жүргіншілерге қиындық туғызатын тал-дарақтарды күзеу, әктеу жұмыстары да қарқын алды.
Бұл жұмыстар қаланың жасыл белдеуге айналып, халықтың денсаулығын жақсартып, ауаны тазалауға оң әсер етері сөзсіз.