ТҮРКІСТАН: Арыстық азаматтар жалғызбасты анаға баспана сыйлады

0
508

Баспана иесіне 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.


ТҮРКІСТАН: Арыстық азаматтар жалғызбасты анаға баспана сыйлады

Арыстық мектеп түлектері жалғызбасты анаға баспана сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қасиетті Рамазан айында арыстық мектеп түлектері 20 жылдық мерейтойларына орай аудандағы жалғызбасты анаға баспана сыйлады;


Одан бөлек, «Арыс» қайырымдылық қорының атынан баспана иесіне 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.


Сонымен қатар, елді мекен тұрғындарына түлектер атынан ауызашар берілді.


«Қасиетті Рамазан айында көпбалалы батыр анаға баспана сыйлағанды жөн көрдік. Биыл біздің мектеп бітіргенімізге 20 жыл толыпты. Соңымыздан ерген інілерге өнеге қалдырсақ деген ниетте осы игі істі қолға алдық. Осы бір үрдіс барлық түлектердің арасында жалғасын тапса деген ниеттеміз»,- деді түлектердің бірі, ақын Нұрлан Есенқұлов.