ТҮРКІСТАН: Ауыл әкімі сайлауына 230 кандидат тіркелді

0
558

25 шілдеде ауыл әкімдерін сайлаудың алғашқы кезеңі іске асырылады.


ТҮРКІСТАН: Ауыл әкімі сайлауына 230 кандидат тіркелді

Түркістан облысы бойынша ауыл әкімдігінен үміткер 230 азамат тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттілігі жөнінде бастама көтерген болатын.


Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 25 шілдесі күні ауыл әкімдерін сайлаудың алғашқы кезеңі іске асырылатын болады.


Қазіргі таңда, Түркістан облысында 181 ауыл округі болса, биылғы жылғы ауыл әкімдерін сайлау 63 ауыл округінің 264 сайлау учаскесінде өткізілетін болады.


Атап өтсек, 2021 жылдың 25 шілдесінде алдымен 60 ауыл округінің тұрғындары өз таңдауларын жасайтын болады. Бүгінгі күнге дейін 230 ауыл әкімдігіне үміткер азаматтар тіркеліп үлгерді. Оның 76-сы тіркелген саяси партиялардың ұсынған үміткерлері болса, 154-і өз-өзін ұсынған азаматтар. Саяси партиялар мен жеке азаматтардың өзін-өзі ұсынуы бойынша үміткерлердің тіркелуі 14 шілдеге дейін жалғасатын болады. Бұл туралы Түркістан облысы сайлау комиссиясының төрағасы Өмірәлиев Әлібек Кәденұлы баяндады.