ТҮРКІСТАН: Ауылдарда елуге жуық медициналық нысан салынады

0
539

Биыл қосымша 14 нысан тапсырылды.


ТҮРКІСТАН: Ауылдарда елуге жуық медициналық нысан салынады

Түркістан облысындағы ауылдық елдімекендерде 50-ге жуық медициналық нысандар салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде облыста 46 медициналық ұйым жұмыс істейді. Оларда 5 517 дәрігер мен 19 164 орта персонал халыққа қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында ауылдық елдімекендерде 49 жаңа нысан салу жоспарланған.


Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде босандыру және жан сақтау қызметтерінің медициналық жабдықтармен қамтылуына үлкен назар аударылып жатыр. Облыста медициналық жабдықтармен қамту деңгейі 84,21%-ды құрап, жылдық жоспар толығымен орындалған. Нәтижесінде өткен жылы өңірде өлім-жітім көрсеткіші төмендеген.


Одан бөлек, медициналық инфрақұрылымды жақсартуға баса назар аударылуда. Былтыр 31 медициналық нысанның құрылысы жүргізіліп, 16-сы пайдалануға берілген. Биыл қосымша 14 нысан тапсырылды. Сонымен қатар, Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухана салынып жатыр.


Мемлекет басшысы 1 млн. халық тұратын оңтүстік аудандар үшін Сарыағаш қаласында перинаталдық орталық пен заманауи медициналық кешен салуды тапсырған болатын. Бүгінгі таңда нысан құрылысы үшін жер телімі бөлініп, жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.