ТҮРКІСТАН: «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жолдады

0
710

Үйлер қирап, көшелер су астында қалып, көлік қатынасы үзілген.


ТҮРКІСТАН: «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жолдады

Түркістан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының қызметкерлері су тасқынына байланысты Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған аумақта ауа-райының қолайсыздығынан туындаған су тасқыны жергілікті тұрғындарын ауыр зардаптарға соқтырып, үйлер қирап, көшелер су астында қалып, көлік қатынасы үзілген.


«Біз Батыс Қазақстан облысында болған қайғылы оқиғаға қатты алаңдаймыз және осы қиын сәтте отандастарымызға қажетті көмекті жинауға тырыстық. Осылайша, әріптестер зардап шеккен отбасыларды қолдау үшін азық-түлік, ауызсу, гигиеналық керек-жарақтар және басқа да қажетті заттарды сатып алды», - деді Мемлекеттік корпорация Түркістан облысы бойынша филиалының өкілі.