​ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданын газбен қамту деңгейі 46 пайызға жетті

0
994

Биыл ауданды табиғи газбен қамтамасыз ету үлесі 45,8%-ға жеткізу көзделген.


​ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданын газбен қамту деңгейі 46 пайызға жетті

Бәйдібек аудандағы елді мекендерді табиғи газбен қамту деңгейі өткен жылы 20,8 пайызды құраған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл ауданды табиғи газбен қамтамасыз ету үлесі 45,8%-ға жеткізу көзделген. Атап айтқанда, 2 елді мекеннің (Жолғабас, Жыланды) жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылса, 16 елді мекеннің (Бәйдібеката, Ж.Боралдай, Тайманов, Теректі, Таңатар, Қошқарата, Кеңестөбе, Ақтас, Бірлік, Жаңаталап, Жиенқұм, Алғабас, Шақпақ, Қазата, Ағыбет, Кеңес) жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Ал 8 елді мекеннің (Тұрақты, Жұлдыз, Қаратас, Ақжар, Кеңсай, Шұқыршақ, Жарықбас, Алмалы) сәулеттік жоспарлау тапсырмалары әзірленуде.

Ал ауыз сумен қамту бойынша аудандағы 52 елді мекеннің 43-не орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген. Аудан тұрғындарының 82,7 пайызы ауыз су құбырымен қамтылып отыр.
Бұдан өзге, аудандағы автомобиль жолдары мен елді мекен ішкі көшелерінің жалпы ұзындығы 886,8 шақырымды құрайды. 2021 жылы аудандық маңызы бар Қаратас-Теректі бағытындағы 10 шақырым жолға ағымдағы жөндеуге жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар, ішкі көшелер бойынша Шалдар елді мекенінен 2 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс жасалған. Елді мекен шегіндегі 22,15 шақырым топырақ жолға шағал тас төсеуге аудан бюджетінен қаржы қаралып, жұмыстар басталатын болады.