ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданында тағы бір елді мекенге газ берілді

0
1 078

Бұған дейін 2017-2018 жылдары аралығында аудандағы 8 елді мекенге газ құбырының құрылысы жүргізілген.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданында тағы бір елді мекенге газ берілді

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы Жамбыл ауылына газ берілді, берілді деп хабарлайдый ERNUR.KZ.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Бақытбек Танагөзов жамбылдық тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

«Тәуелсіздігімізтуын тіккен жылдардан бері елімізде, оның ішінде біздің аудандакөптеген ауқымды жұмыстар қолға алынып, ел игілігіне пайдалануға беріліп жатыр. Соның бір парасы бүгін Жамбыл ауылында жүзеге асуда. Бүгін міне қуанышты жағдайдың куәсі болып отырмыз. Ауылға көгілдір отын беріліп жатыр. Бұл– Тәуелсіздіктің тартуы», – деді Бақытбек Танагөзов.

Көгілдір отынға қол жеткізген Жамбыл ауылының тұрғындары енді көмір тасып, күл шығармайтын болды деп, жүрекжарды тілегін жеткізген ауданның Құрметті азаматы, еңбек ардагері Әбдіхалық Ағабеков ел тұрғындары атынан алғысы мен ризашылығын білдірді.

Жамбыл ауылы бұған дейін газдандырылмаған болатын. Енді елді мекен тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге қатысты туындаған сұрақтары толығымен шешімін тауып отыр.

Айта кетерлік жайт, ауданда 2015 жылы «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырының құрылысы жүргізіліп, қараша айында көгілдір отынның алауы жағылып, аудан орталығына газ берілген болатын. Облыс қазынасынан арнайы қаржы бөлініп, 2017-2018 жылдары аралығында аудандағы 8 елді мекенге газ құбырының құрылысы жүргізілді. 8 елді мекеннің 3-і Жамбыл ауылдық округіне қарасты ауылдар. Қазіргі таңда газ округ орталығына берілсе, қалған 2 елді мекенде жақын күнде кезек-кезеңімен қосылғалы отыр.

Сонымен қатар қазіргі таңда аудандағы 7 елді мекенде газ құбырының құрылысы жүргізілуде.