ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте отбасылық байқау өтті

0
437

Сайысқа 10-ға жуық жас отбасы қатысып, өзара бақ сынасты.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте отбасылық байқау өтті

Бәйдібекте «Шаттыққа толы шаңырақ» атты отбасылық байқау өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Халықаралық Отбасы күніне орай «Шаттыққа толы шаңырақ» атты отбасылық сайыс өткізілді.


Отбасылық жарысқа аудан әкімінің орынбасары Бағдат Пердебайұлы және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы қатысып, жас отбасыларды мерекемен құттықтады.


Сайысқа 10-ға жуық жас отбасы қатысып, өзара бақ сынасты. Жалпы жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Таевтар отбасы жеңіп алды. Ал, 2-орынға Орынбеков отбасы жайғасса, 3-орынды Эшмурзаевтар отбасы иемденді. Сондай-ақ «Көрермен көзайымы», «Үлгілі отбасы», «Білімді отбасы» тағы басқа номинациялармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.