ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік кәсіпкерлер жылыжай шаруашылығына бет бұрды

0
746

3 гектарлық заманауи жылыжай кешені іске қосылды.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік кәсіпкерлер жылыжай шаруашылығына бет бұрды

Бәйдібек ауданының кәсіпкерлері жылыжай шаруашылығымен айналысып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылында орналасқан «Бақыт-Ислам» ЖШС құны 750 млн.теңгені құрайтын 3 гектар заманауи жылыжай кешенін іске қосқан болатын. Аталған жылыжайда жиналған алғашқы қияр республиканың өзге өңірлеріне жөнелтіліп жатыр.


Жобаға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетілді.


Нәтижесінде 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жылына 1200 тоннадан аса өнім алу жоспарланып отыр.