ТҮРКІСТАН: Батыр аналар марапатталды

0
781

22 ана марапатқа ие болды.


ТҮРКІСТАН: Батыр аналар марапатталды

Бәйдібек ауданында 22 алтын құрсақты ана марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бағдатбек Жанғазиев алтын құрсақты аналарды қабылдап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті. Ел демографиясына үлес қосып отырған аудандағы ақ жаулықты 22 ана осы марапатқа ие болып отыр. Оның 7-і алтын алқа, 15-і күміс алқа иегері.


Салтанатты марапаттау рәсімінде Бағдатбек Пердебайұлы алтын құрсақты аналарға әрқашан құрметтің жоғалмайтынын, сонымен қатар еліміздегі ана мен баланы қорғауда мемлекет тарапынан түрлі қамқорлықтар жасалынып жатқанына тоқталып, көпбалалы аналарға деген өзінің құттықтау тілегін білдірді.