ТҮРКІСТАН: Базарларда 2 айға жететін азық-түлік қоры бар

0
690

Әр аптаның жұмасында азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Базарларда 2 айға жететін азық-түлік қоры бар

Түркістан облысында ӘМАТ бағалары күнделікті бақылауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбақыт Иманқұлов ӘМАТ бағалары күнделікті бақылауда екендігін айтып, бұл мақсатта тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, облыстағы ірі базарларда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 1,5-2 айлық қоры бар екендігін мәлімдеді.


Жалпы, өңірде тауар бағаларын тұрақтандыру бойынша биылдың өзінде облыс орталығындағы «Экобазарда» азық-түлік тауарларының 9 жәрмеңкесі өткен.


Айта кетейік, әр жұма күні Түркістан қаласындағы «Экобазарда» (Түркістан қаласына кіре берістегі жаңа автовокзал маңы) азық-түлік тауарлары жәрмеңкесінде тауарлар төмен бағамен сатылады.