ТҮРКІСТАН: Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир өтті

0
498

Жарыста 24 команда бақ сынады.


ТҮРКІСТАН: Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир өтті

Түркістанда шағын футболдан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы «Нұр» спорт кешенінде бокстан Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған шағын футбол турнирі өтті.


Доп додасының ашылу салтанатына арнайы қатысқан Бекзаттың анасы Сырлыгүл Саттарханова спортшының жылы естеліктерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.


Жарыста Арыс, Кентау, Шымкент қалалары мен Сайрам, Созақ, Шардара аудандарынан жиналған 24 команда бақ сынады.


Жарыс нәтижесі бойынша тартысты ойында өзінің шеберлігін көрсеткен Эршат Бабаханов «Үздік қақпашы» атанса, Ахмет Оқапов үздік голдың авторы ретінде марапатталды. Ал, қорғаныста тасқамал бола білген Орынбасар Жайсаңбай «Үздік қорғаушы» атағын алса, үздік шабуыл тактикасын бойына сіңірген Жансерік Қалдыбай «Үздік шабуылшы» сыйлығына лайық екендігін дәлелдеді.


Өзге командалардан алды болып көзге түскен Біржан Рүстембековтің бастамасымен құрылған “RMZ-Zhastar” футболшылары үшінші орынды иеленсе, «Zholdyn asty» жігіттері бірінші орынға жайғасып, «Aidyn energy» командасы екінші орынды қанжығасына байлады.


Айта кетейік, Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жарыс батырдың атымен аталған мөлтек ауданда жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады.